Пятница, Март 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Қазақстанның ректорлар кеңесі жұмысын жаңа форматта бастады

Қазақстанның ректорлар кеңесі жұмысын жаңа форматта бастады

Қазақстан Республикасының ректорлар кеңесі жұмысын жаңа форматта бастады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен кеңес отырысында айтылды.
ҚР Президентінің ғылым және жоғары білім саласындағы алға қойған міндеттері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша Қазақстанның ректорлар кеңесінің жұмысын жаңғырту арқылы еліміздің жоғары оқу орындарын қоғамдық басқару саласын кеңейтуді талап етеді.
Ректорлар Кеңесі жұмысындағы жаңа форматтың айырмашылығы әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі болды. Жоғары оқу орындары дайындық бейіні бойынша Палаталар құрады. Олар: зерттеу; көпсалалы; техникалық; аграрлық; педагогикалық; медициналық; өнер; мәдениет және спорт.
​Ректорлар кеңесі ынтымақтастық алаңына айналды. Ол жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелерін талқылау үшін тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы ретінде жұмыс атқаратын болады.