Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жалпықалалық сенбілікке шықты

Жалпықалалық сенбілікке шықты

Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Қала тазалығын сақтауда сенбіліктің орны зор. Осындай игі бастамаға Жұбанов университетінің ұжымы да өз үлестерін қосуда.
Бүгін университеттің стратегиялық даму жөніндегі проректоры Дастан Хусаинов бастаған Маркетинг және коммуникациялар департаментінің, Ақпараттық технологиялар департаментінің қызметкерлері дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Департамент қызметкерлері белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, Ақтөбе қаласының тазалығына өз септігін тигізді. Қолдарына күрек-тырмаларын ұстаған инженер-программистер мен медиа саласының мамандары қаладағы Батырлар аллеясы мен Жұбанов жастары аллеясының маңын күл-қоқыстан тазартты.
Айта кетейік, күз мезгілінде қала көлемінде сенбілік жұмысы қарқын алуда. Мұндай иігілікті жұмыстарға алдағы уақытта да олар ұйымшылдықпен үлестерін қосатынын жеткізді.