Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Гузель Абилованың жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды

Гузель Абилованың жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды

Жұбанов университетінің химия және химиялық технология кафедрасының доценті, PhD Гузель Абилованың ғылыми жобасы 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» конкурсында гранттық қаржыландыруға ие болды. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі-28 ай.

» Жергілікті дәрі-дәрмектерді жеткізуге арналған функционалды биополимерлер негізінде пленкалы дәрілік формалар» тақырыбындағы жобаның негізгі идеясы мукоадгезивті пленкалар түріндегі жаңа дәрілік формаларды жасауға бағытталған.

Алынған нәтижелер офтальмология, гинекология және отоларингология саласында мукоадгезивті дәрілік нысандарды алудың отандық түбегейлі жаңа технологиясын әзірлеу және жасау үшін ғылыми негіз болады.