Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс басталады

Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс басталады

11 қазанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс басталады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың келесідей басым бағыттары бойынша қабылданады:
Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
Энергетика және машина жасау;
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
Өмір және денсаулық туралы ғылым;
Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

 

/gylym.jogarybilim/