Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Гранттық жобалар қатары толықты

Гранттық жобалар қатары толықты

Математика кафедрасының аға оқытушысы Мейрамбек Мұқаштың «Бекітілмеген уақыт мезетіндегі импульс әсері бар дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешу әдістері» тақырыбындағы  жобасы  «Жас ғалым» конкурсы бойынша ҰҒК шешімімен  2022-2024 қаржыландыруға мақұлданды.

Жобаның мақсаты  — бекітілмеген уақыт мезетіндегі импульс әсері бар дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептердің шешілімділік шарттарын орнату, шеттік есептердің шешімін табудың алгоритмдерін құру және сандық әдістерін әзірлеу.