Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

Эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ұлттық мереке — 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазудан байқау жарияланған болатын.

Соған орай бүгін  Жұбанов университетінде «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқаудың  марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталды.  Байқауға университет  студенттері, магистранттар мен  қоғамдық жастар ұйымдарының жастары қатысты. Эссе байқауына 125 өтінім түсті.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімі бойынша «Экономика» мамандығының 1 курс магистранты Диас Демеуовтің  шығармасы үздік деп танылды. Ал екінші орын «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3 курс студенті Даяна Утарбековаға берілді. Үшінші орынға «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Сая Танжарыкованың шығармасы лайық деп танылды.

Жеңімпаздар университет ректорының алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар өзгелерден жоғары нәтиже көрсеткен 3 студенттің жұмысы да аталып өтіп, оларға арнайы Алғыс хат тапсырылды.

Үздік деп танылған жұмыс республикалық байқауда өз бағын сынап көрмек.  Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.

Айта кетейік, эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған  шығармашылық жұмыстар жіберілді.