Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Студент пен магистранттардың шәкіртақысын өсіру үрдісі 2025 жылға дейін жалғасады

Студент пен магистранттардың шәкіртақысын өсіру үрдісі 2025 жылға дейін жалғасады

1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті. Бұл үрдіс 2025 жылға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ке, 20%-ке. Мақсатымыз — оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», — деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің телеграм каналында.

 

/www.inform.kz/