Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы кездесу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы кездесу

2017 жылдың қараша айында Экономика және құқық факультетінде «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Лаура Тайжанованың ұйымдастыруымен  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас мамандары Нұрболат Байұзақұлы Махмутов пен Лаура  Өмірғалиқызы Ахтанованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»  тақырыбында кездесу өтті. Аталмыш кездесуге факультеттің прфоессор-оқытушылары мен 1-курс студенттері қатысты.

Кездесуді «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Л.Ж.Тайжанова алғысөзімен ашып, алда тұрған үлкен міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас мамандары   өз жұмыстары барысында кездескен тәжірибелерімен бөлісті.  Кездесу барысында студенттер қатысушы мамандарға өздері қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Оқытушы Лаура Тайжанова шараны қорытындылап, басқарма  өкілдеріне факультет атынан алғыс білдірді.