Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлттық мереке ұлықталды

Ұлттық мереке ұлықталды

Бүгін Жұбанов университетінде Республика күніне орай «Айбарлы, асқар елді Қазақстан » салтанатты жиыны өтті.

Университет ректоры Лаура Қарабасова жиналғандарды мерекемен құттықтап,
он жылдан астам уақыттан кейін қайта жаңғырған ұлттық басты мерекені ұлықтау университетте әлі де жалғасатынын айтып өтті.

Сонымен қатар Республика күніне байланысты ардагер ұстаз Жеткербай Қайдасов және жас маман Ақылбек Қонысов өздерінің пікірлерін білдірді.

Бұдан бөлек жиынға қатысушылар ұлттық тағамдардан, қолөнерден факультет студенттері дайындаған көрмені аралап көрді.