Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > TEDx форматында жастардың кездесуі өтті

TEDx форматында жастардың кездесуі өтті

Бүгін Жұбанов университетінде Ұлттық мереке — Республика күніне орай TEDx форматында қалалық конференция өтті.

Аталмыш шараға қаламыздың жоғары оқу орындарының білім алушылары мен магистранттары қатысты.

Басқосуды университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров алғысөзімен ашты. Өз кезегінде университет проректоры кездесуге қатысқан белсенді жастар үшін мотивациялық бағыттағы ойларымен бөлісті.

Алдағы уақытта студенттер мен магистранттардың идеяларын насихаттайтын қоғамдастық жасақталып, TEDx форматындағы жиындарды жиі ұйымдастыру жоспарланды.