Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Силлабусты әзірлеу бойынша біліктілігін арттырды

Силлабусты әзірлеу бойынша біліктілігін арттырды

Жұбанов университетінің профессор-оқытушыларының қатысуымен «Силлабустарды әзірлеу» тақырыбында воркшоп өтті.

Воркшопты Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің ассистенті және АҚШ Кетукки Университетінің Жоғары білім беру саласындағы сарапшысы, профессор Зумрад Катаева жүргізді.

Профессор қатысушыларға курстардың сипаттамаларын жазу, оқыту нәтижелерін дайындау, құрылымдарды әзірлеу, оқыту әдістерін сипаттау, бағалау критерийлерін дайындау бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, академиялық адалдық, плагиат тағы да басқа мәселелерді талқылады.

Аталмыш воркшоп барысында университетіміздің  оқытушылары да  силлабус бағдарламасы бойынша тәжірибелерін ортаға салды.