Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет өкілдері Астана қаласында

Университет өкілдері Астана қаласында

Жұбанов университетінің тоғыз оқытушысы Астана қаласында «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» ХІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуда.

Аталмыш конференцияны Назарбаев зияткерлер мектебі ұйымдастырып отыр.

Конференция барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелерді , оларды шешу жолдарын жан-жақтан жиналған көшбасшылар, ойшылдар, профессорлар  талқылайды. Басты спикерлерді атап өтсек, Жапония Білім беру саласындағы зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері
Тошия Чичибу, Ювяскюля университетінің
EduCluster Finland тобының
инновация және сыртқы байланыс
директоры Дэвид Марш, Ұлыбритания, Оксфорд университетінің бала дамуы мен білім беру профессоры Ирам Сираж, АҚШ Аризона Университетінің
инновация директоры Дейл Джонсон, Ұлыбритания Бристоль университетінің профессоры Саймон Браунхилл т.б.

Университет өкілдері аталмыш шарадан шетелдік эксперттерден тәжірибе жинақтап, білім саласындағы инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесі, білім беру ресурстарын дамыту бойынша біліктілігін арттыратын болады.