Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Республика күніне орай жиырма бес түп ағаш егілді

Республика күніне орай жиырма бес түп ағаш егілді

Жұбанов университетінде Республика күні қарсаңында бірнеше шара өтіп жатыр. Бүгін «Жұбанов жастары аллеясы» саябағында басқарма басшылары, оқытушылар мен білім алушылар жиырма бес түп ағаш отырғызды.

Университет жанынан ашылған саябақ аумағында абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Ал бұл іс-шараға оқу орнының ұжымы осы істі мұрындық қылып, Республика күнінің маңызын арттыру мақсатында жиналды.

Айта кетейік, ағаш егу акциясы университетте жыл сайын өткізіліп келеді.