Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлттық ойындардан университетішілік жарыс басталды

Ұлттық ойындардан университетішілік жарыс басталды

Жұбанов университетінде Республика күніне орай ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Қазақша күрес» және “Тоғызқұмалақ» ойындарының ашылуы өтті.

Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров қатысушыларды ойынның ашылуымен құттықтап, спортшылар мен командаларға сәттілік тіледі.

Тоғызқұмалақтан жарыс командалық түрде өткізіледі. Әр факультеттен бір командадан жарысатын болады. Жарыс айналым жүйесімен өтеді.

Қазақша күрестен факультеттерден жүзге жуық студенттер қатысуда.

Орын алған спортшыларымыз бен командалар Басқарма төрағасы-Ректордың кубогымен марапатталады.