Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Психологиялық тренинг өтті

Психологиялық тренинг өтті

Жұбанов университетінде басқарма мүшелері, құрылым басшылары, декандар мен кафедра меңгерушілерінің қатысуымен “Кәсіби эмоционалды күйреудің алдын-алу” тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Топтық терапия, талдау және тән терапиясы форматындағы тренингті психоаналитик, группаналитик, Психоанализ мектебінің басшысы Светлана Қуаныш жүргізді.

Тренингте қатысушылар іскерлік қарым-қатынас құру ерекшеліктері, эмоцияларды басқару туралы білім мен тәжірибелерін дамытты. Сонымен қатар Психологиялық қызмет орталығы қызметкерлері үшін шағын супервизия, тәжірибе алаңы ұйымдастырылып, толғандырған өзекті сұрақтарына жауап алды.

Айта кетейік, аталмыш шара биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.