Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үзінді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларыменнаградтау туралы

Қаулы етемiн:

  1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:

«Отан»орденімен

Өтеуұлы Хамит—«Алтын-Әсел» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы.

«Парасат»орденімен

Әжіғали Серік Ескендірұлы — «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМК ғылыми қызметкері, Алматы қаласы.

Тайжанов АлтайТайжанұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

«Құрмет»орденімен

Алдияров Қасымбек Төлеуұлы — «Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе қаласы.

АхметовКөшкінбай Нұрмағанбетұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

Ведюшкин Сергей Александрович — «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» МКҚК жаттықтырушысы, Ақтөбе қаласы.

Еңсегенұлы Сағат — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы — Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, Ақтөбе қаласы.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы»орденімен

Ильясов Раиль Анварович — «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ шебері, Ақтөбе қаласы.

Қадыралиев Мереке Сембайұлы — «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС шебері, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы.

Қайрақбаев Сәбит Нұрымұлы — «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының цех бастығы, Ақтөбе қаласы.

Қасымов НұрғазыӘлімжанұлы  — «Табыс» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы.

«Ерлігі үшін» медалімен

Байсағызов Руслан Серікбайұлы — Қаратоғай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Байсеңгір Орал Ноғайбайұлы — «Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» МКҚК бас редакторы, Ақтөбе қаласы.

Бейсебаев Талгат Полатулы — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені бастығының орынбасары, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы.

Бекбауова Дана Бақытқызы — Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры, Ақтөбе қаласы.

Бекенов Құдайберген Елтекұлы — «Желдорфармация» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Бекенов Мейрам Қуанышұлы —       «Стройдеталь» ЖШС кран машинисі, Ақтөбе қаласы.

Бекетова Күләй — «М.Құрманғалиева атындағы №32 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Ақтөбе қаласы.

Бекназаров РахымАғыбайұлы  — «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» АҚ проректоры, Ақтөбе қаласы.

Дәрібай Сәтжан Құлшарұлы — «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Ақтөбе қаласы.

Дүйсенова АйгүлЕгізбайқызы — «Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Ақтөбе қаласы.

Жұбатқан НұрлыбекХайруллаұлы — «Екі Езу» сатира театрының көркемдік жетекшісі, Ақтөбе қаласы.

Закирзянова АминаРаимовна — еңбек ардагері, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы.

Зарлықов Мұхамбетжан — «№4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебі» КММ жаттықтырушысы, Ақтөбе қаласы.

Италиев АйтқалиРахымұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы —мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры, Алматы қаласы.

Кинжибаев Уәлихан Мақсотұлы — «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» МКҚК әртісі, Ақтөбе қаласы.

Құлдыбаев Мырзағұл Сейдағұлұлы — «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының цех бастығы, Ақтөбе қаласы.

Махамбетов Марат Сағымбайұлы — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Республикалық маңызы бар жолдарды дамыту департаментінің директоры, Астана қаласы.

Сәдірбаев Түлкібай — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

Төремұратов Спартак Шеруенұлы —  «Спарта» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Ойыл ауданы.

Шарапиев БаянетКүшікбайұлы — «КазТрансГазАймақ» АҚ бөлім бастығы, Ақтөбе қаласы.

«Шапағат» медалімен

Дүйсенбина Жанна Сейітжанқызы — «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры, Ақтөбе қаласы.

Тәтімов Ерлан Асқарұлы — «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы» МҚК бас дәрігері, Ақтөбе қаласы.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

Әбуов Тасполат Нұрғалиұлы — «КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының депо кезекшісі, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы.

Данағұлова Айнагүл Сералықызы — «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бөлме тазалаушысы, Ақтөбе қаласы.

Ешекенова Ақмарал Матайқызы — «Алға аудандық ауруханасы» МҚК бас дәрігердің орынбасары, Ақтөбе облысының Алға ауданы.

Сәдіров Темірлан Мұратұлы — «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ бөлім басшысы, Ақтөбе қаласы.

Сисекенова Жанат Тағыбергенқызы — «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газетінің экономика бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы.

«Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» МКҚК Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі — халықтық ұжым, Ақтөбе қаласы.

 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ.

 Астана, Ақорда, 2022 жылғы 14 қазан

№1047