Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Білім > Бағалау жүйесі жетілдірілді

Бағалау жүйесі жетілдірілді

Университет оқыту сапасын арттыру қағидатын және университетте белгіленген бағалау критерийлері негізінде студенттердің оқу нәтижелерін әділ, обьективті бағалаудың жоғары академиялық стандарттарын ұстанады. Осыған байланысты биылғы оқу жылында бағалау жүйесі жетілдірілді. Бұрын студент әр сабақ сайын әр сабақ түрі бойынша белгілі бір балл алуы керек еді, іс жүзінде бұны жүзеге асыру үлкен қиындықтар тудырды және кей жағдайда формализмге әкелді, өйткені дәрісте 50-ден астам студентті объективті бағалау іс жүзінде мүмкін емес. Бұл студенттердің білімін бағалау кезінде студенттердің шынайы бағаларын төмендеуге әкелді. Әр практикалық/семинар сабағында топтың барлық студенттерін тақтаға шығарып, олардың білімдерін объективті бағалауда қиындықтар болды. Бұл студенттердің оқу нәтижелеріне нақты баға алу қиындығы, бұл ағымдағы оқу жылында бағалау жүйесін жетілдіруге әкелді.

Әлемдік тәжірибе модульдік бағалаудың тиімділігін көрсетеді. Биылғы жылы студенттердің оқу нәтижелері силлабусқа сәйкес әр модуль бойынша бағаланады (бір немесе өзара мазмұндас бірнеше тақырыптар). Яғни, студенттің әр модульді игеру нәтижелері бағаланады. Пәнге байланысты модульдер саны әртүрлі болуы мүмкін. Модульді бағалауға дәріс, практикалық/семинар және зертханалық сабақтарда, сондай-ақ СӨЖ және СӨЖ-де алынған жиынтық білім мен дағдылар кіреді. Модульді бағалау тест тапсырмалары, жобалық жұмыс, коллоквиум және тағы да басқа  түрінде болуы мүмкін. Бақылау модульдер аяқталған апталарда жүзеге асырылады және сол аптада оқытушылар «Univer» жүйесіндегі семинар/практикалық» журналына тиісті балдарын енгізеді. Бұл ретте студент сол аптада модульді қайта тапсыруға құқылы. Қазіргі уақытта межелік (рейтинг) бақылауға дайындалудың қажеті жоқ, өйткені ол бөлек жүргізілмейді. Бұл ретте бірінші межелік бақылау бойынша барлық модульдердің балдарының сомасы 100-ге, ал екінші межелік бақылау бойынша да 100-ге тең. 8 және 15 аптадағы межелік бақылау игерілген модульдер бойынша ағымдағы бақылаудың жиынтық балдарынан автоматты түрде қалыптастырылады. Жиынтықта қорытынды межелік бақылау бірінші және екінші межелік бақылаудың орташа арифметикалық мәні болып табылады және «Univer» жүйесінде автоматты түрде есептеледі. Қорытынды межелік бақылау балдарының максималды саны — 100.

Пән бойынша қорытынды баға (дипломға түсетін баға) 60% қорытынды аралық бақылау балдарынан және 40% емтихан балдарынан тұрады. Емтихан ең көп дегенде 100 баллға бағаланады.