Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мемлекеттік қызметке орналасу жолдары айтылды

Мемлекеттік қызметке орналасу жолдары айтылды

Бүгін Жұбанов университетінің 4-курс студенттері ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Талант Медетпен кездесуге қатысты.

Кез келген жасты диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасу туралы сауалдар толғандыратыны белгілі. Кездесуде Мемлекеттік қызмет агенттігінің басшысы студенттерге мемлекеттік қызмет жүйесі, жұмысқа тұрғызу бойынша қандай бағдарламалар бар екені туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, «Мансап» мемлекеттік мектебі жөнінде мәліметтер жеткізіп, оны бітірген түлектердің сексен пайызға жуығы түрлі сала бойынша елі игілігі үшін қызмет атқарып жүргенін атап өтті.

Басқосуда жастар мемлекеттік қызметке орналасу кезеңінде қолжетімді мемлекеттік қолдау шаралары туралы да білді. Студенттер көкейде жүрген сауалдарына жан-жақты жауап алды.