Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің жаңа даму бағыттарын анықтады

Университеттің жаңа даму бағыттарын анықтады

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова Ақсақалдар кеңесі мүшелерімен кездесіп, оқу орнының жаңа даму бағыттары туралы талқылады.

Жұбанов университетінің Ақсақалдар кеңесі ғылым, мәдениет пен рухани әлеуеттің дамуына зор үлес қосқан, білім және ғылым саласында ерен еңбек сіңірген тәжірибелі ғалымдардың басын біріктіріп отыр.

Кездесуде оқу орнының басшысы университеттің техникалық мамандықтар дайындау жағынан тағы бір сатыға көтерілуге қадам жасағанын айтып, бұл жөнінде үлкендердің пікірі мен ұсыныстары маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа білім беру технологияларын енгізу, ғылыми-зерттеу жобаларын жетілдіру, әлеуметтік даму бағыттарын арттыру бойынша да бірқатар мәселелер талқыға салынды.

Ардагерлер университет дамуының жаңа бағытына бағытталған бастамаларға оң көзқарастарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.