Понедельник, Июль 22, 2024
Басты > Жаңалықтар > Профессор атағы берілді

Профессор атағы берілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Жұбанов университетінің ғалымына ғылыми атақ берілді.

Қазақ тілі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сабира Исақова Тіл білімі мамандығы бойынша профессор атанды.

Сабира Исақова 1995 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің француз факультетін француз және орыс тілдері мамандығы бойынша аяқтаған.

Әр жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушылық, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.

2010 жылдан бастап Жұбанов университетінің теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының профессоры қызметін атқарады.

Ғылыми бағыттары – лексикология, терминология, салыстырмалы, салғастырмалы тіл білімі, когнитивтік тіл білімі, қазақ терминтанымының когнитивтік-прагматикалық аспектісі. 90-нен астам еңбектің, оның ішінде 3 монография, 5 оқу құралы, 3 электронды оқулықтың, 3 сөздіктің авторы. Ғылыми еңбектері шетелдік Web of science (3) және Scopus (3) базаларында жарыққа шыққан. Скопус базасы бойынша h=2.