Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > PhD доктор атанды

PhD доктор атанды

Жұбанов университетінің түлегі Аида Маратоваға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша PhD доктор ғылыми дәрежесі берілді.

Аида Маратованың ғылыми жетекшілері университетіміздің ғалымдары — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкеев және физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Людмила Мясникова.

Айта кетейік, диссертация Жұбанов университетінің «Физика» бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғалды.