Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Білім > Оқу ақысына берілетін жеңілдіктер туралы

Оқу ақысына берілетін жеңілдіктер туралы

Жұбанов университетінде білім алушыларды әлеуметтік қолдау саясаты жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер оқу жылында екі рет қарастырылады.

Қазіргі таңда барлық факультеттердің білім алушыларынан 2022-2023 оқу жылындағы оқу ақысына берілетін жеңілдіктерге байланысты 371 өтініш келіп түскен. Олардың 314-і, яғни 84,8 пайызы мақұлданды.

Айта кетейік, жеңілдіктер төмендегі ережелерге сай жүзеге асырылады:
1. Жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ата-анасы еңбекке жарамсыз;
2. Оқу үлгерімі үздік GPA 3.95 + ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысу;
3. ІІ және ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі, бала кезінен мүгедектік;
4. Қазақ диаспорасының өкілі;
5. Ұлты қазақ емес шетел азаматы;
6. Бір үйден екі студент білім алса;
7. Мектеп түлектері арасында өткізілген президенттік олимпиада, ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары;
8. ҰБТ 105 балдан жоғары (Алтын белгі);
9. Оқу үлгерімі үздік GPA 3.85 +ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысу;
10. Университет қызметкерлерінің балалары;
11. Спорт, өнер бойынша республикалық жарыстардың жеңімпаздары;
12. Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары (жеке есепте);
13. Халықаралық деңгейдегі жетістіктер;
14. Қоғамдық өмірге белсене қатысу;
15. Студенттер үйлеріне 1 жылға тегін орналастыру;
16. Қ.Жұбанов атындағы грант.