Пятница, Март 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > 1 қарашадан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркеу басталады

1 қарашадан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркеу басталады

1 қарашадан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады.
Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылғы 18 қарашаға дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (18 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 22 қарашада қолжетімді болады.
«Кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – деп түсіндірді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Биылғы жылы ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін өту 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін онлайн-апелляцияға бере алады.
Жаздағы тестілеуде ережені бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар кешенді тестілеуге қайта қатысуға жіберілмейтінін атап өткен жөн.
Магистратураға түсушілер 4 мыңға жуық мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі