Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Білім > Үздік оқу орнының филиалы ашылады

Үздік оқу орнының филиалы ашылады

Ақтөбеде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Хериот Уотт университетінің филиалы ашылады. Ералы Тоғжанов бүгін шетелдік оқу орнының өкілдерімен кездесті. Тараптар Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен ынтымақтастық моделін талқылады.

Кездесу Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, оның ішінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша өтті. Айта кету керек, аталған оқу орны QS әлемдік рейтингіндегі 200 үздік университеттің қатарына кіреді. Жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік отандық техникалық және ІТ мамандарын бірлесіп даярлауға бағытталмақ. Енді Жұбанов университетінің базасында Бакалавриаттың үш білім беру бағдарламасын ашады деп жоспарланып отыр.

Ал студенттер қос диплом алады. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жобаларды іске асыруда жергілікті атқарушы органдар жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.