Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болашақ дизайнерлер шешендік өнерлерін шыңдады

Болашақ дизайнерлер шешендік өнерлерін шыңдады

«Дизайн» мамандығы бойынша білім алушылар арасында «Өркениеттерге саяхат» атты ерекше тақырыпта дебаттық сайыс өтті. Сайысты педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Әділ Сағымбаев ұйымдастырды. Дебаттық топтар «Арабтар әмірлігі» және «Гестия» атауларымен екіге бөлініп, сөз жарыстырды. Әділ Әбдіғалиұлының айтуынша негізінде шығармашылықтағы адамдар сөзге шорқақтау келеді, олар өздерінің тамаша туындыларының пішіні, мәні, мағынасы жайында шебер түсіндіре алмай жатады. Сондықтан болашақ дизайнерлерді шешендік өнерге баулу өте маңызды. Дебатта араб және грек архитектурасы жайында сөз талас болды. Студенттер тек шешендік өнерлерін шыңдап қана қоймай арабтың әлемге әйгілі мешіт ғимараттарындағы әсем алтын өрнектері мен гректің қайталанбас архитектуралық дүниелері жайлы қызыға әңгімеледі. Сайысқа қазы болған ұстаздар Гүлжан Алғартова, Нұрлыбек Сүлейменов және Асылбек Қыдыров «Гестия» тобын жеңіске лайық деп таныды. Мұндай шаралар алдағы күнде де жиі өткізілетін болады.