Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде болашақ заңгерлер сайлау туралы заңды талқылады

Ақтөбеде болашақ заңгерлер сайлау туралы заңды талқылады

Сайлау туралы заң талаптарының мүлтіксіз орындалуы қалың бұқара назарында, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстан заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған «Адал сайлау үшін» штабы алдағы саяси науқанға қауырт кірісті. Білікті мамандар жоғары оқу орындарының студенттерімен жүздесті. Шараға болашақ заңгерлер мен құқықтану кафедрасының оқытушылары қатысты. Орталық штаб мүшелері сайлаудың өту тәртібін түсіндіріп, конституциялық реформалар туралы түсініктеме берді.

Бағила Тілеулесова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті құқықтану кафедрасының аға оқытушысы:

— Заңда белгіленген барлық нормалар мен қағидалардың дәл орындалуы және де осы Конституциялық заңда сайлау процесінің жүргізілудің заңдылығын, әділдігін және адалдығын, осы орындалудың барлық қағидаттарын түсіндіру  жұмыстары да жүргізіледі. Конституциядағы реформаның ережелерін жария ету, сайлау заңнамасын түсіндіру мақсатында осындай іс шаралар кең ауқымда өткізіліп отыр.

/24.kz/