Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа кәсіби мереке иелерін құттықтаймыз!

Жаңа кәсіби мереке иелерін құттықтаймыз!

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді. Биылдан бастап 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтеді.
Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес 17 мамырда аталып өтетін байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Университетімізден аталған сала бойынша қаншама түлек түлеп ұшып, бүгінгі таңда еліміздің ІТ саласында еңбек етіп жүр. Бұл ретте «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы ұжымының еңбегі ерекше.

Сонымен қатар университеттің цифрландыру жүйесін дамытуда Ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаменті қызметкерлерінің де еңбегін атап өткен жөн.

Бүгінгі кәсіби мерекелерімен сала қызметкерлерін құттықтап, шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілейміз!