Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Білім > Назарбаев Университетінің өкілдері қонақта

Назарбаев Университетінің өкілдері қонақта

Бүгін Жұбанов университетіне Назарбаев Университетінің өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Меймандар университеттің кампусын аралап, педагогика, жаратылыстану,физика-математика факультеттерінің оқу базасымен танысты. Сондай-ақ, лектік аудиторияларды,  Инновациялық технологиялар паркін аралап көрді.

Сондай-ақ, өкілдер — Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Бриджит Гудман, Назарбаев Университетінің қазақстандық жоғары оқу орындарында STEM педагогикалық білім беру саласында оқыту және зерттеу әлеуетін арттыру жобасында постдокторант-зерттеуші Әсел Қамбатырова, ғылыми көмекші Александра Нам білім алушылармен зерттеуші-ғалымдарға воркшоп өткізді.

Семинар аясында әріптестер көптілді білім беру бойынша зерттеулерімен бөлісті. Профессор Бриджит Гудман оқытушылар үшін қажетті курс өткізу мақсатында ЖОО-ның қазіргі проблемалары туралы сауалнама жүргізіп, аталған мәселені шешуге көмектесетін зерттеуді іс-әрекетте қалай жүргізу керектігі туралы айтты.

Кездесуде әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасып, жоспарлар мен жобалар туралы талқылады.