Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау туралы

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау туралы

  • Университетте, оның ішінде университет ішінде және бір ЖОО-дан екіншісіне білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау кезекті академиялық кезең басталғанға дейін жазғы каникул кезеңінде екі апта бұрын және қысқы каникул кезеңінде бес күн бұрын жүзеге асырылады;
  • Білім алушылар оқу бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін (1-семестр) толығымен аяқтаған болса, оқудан шығарылғаннан кейін ауыса немесе қайта қабылдана алады;
  • Академиялық қарызы бар білім алушылар бір ЖОО-дан екіншісіне, бір білім бағдарламасынан екіншісіне ауыса алмайды;
  • Жалпы конкурс бойынша білім беру грантына түскен студент осы білім беру тобының білім беру бағдарламаларына өз грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-ға ауыса алады;
  • Университетке берілген квота бойынша түскен студент грант бойынша басқа ЖОО-ға ауыса алмайды;
  • Білім беру гранты бойынша оқитын студент білім беру грантын сақтай отырып, университеттің білім беру тобының ішіндегі білім беру бағдарламаларына ауыса алады;
  • Білім алушы білім беру гранты бойынша бір білім беру тобынан екіншісіне ауыстырылған кезінде білім беру гранты сақталмайды;
  • Білім алушыны «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша білім беру бағдарламаларына ауыстыру және қайта қабылдау ҰБТ-дан сәтті өткен және нәтижелері бойынша белгіленген шекті балдан төмен емес балл алған жағдайда жүзеге асырылады;
  • Білім алушыны шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа ББ-ға ауыстыру ҰБТ дан сәтті өткен жағдайда жүзеге асырылады;
  • Білім алушыларды бір білім беру бағдарламасынан шығармашылық ББ-ға ауыстыру шығармашылық емтиханнан сәтті өткен жағдайда жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін Студенттерге қызмет көрсету орталығына (СҚКО) хабарласуға болады

Тел.:8 (7132) 562896

Ә.Молдағұлова даңғылы, 34, Бас оқу ғимараты, 1 қабат.