Пятница, Май 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Роботтармен жұмыс жасала бастады (Фоторепортаж)

Роботтармен жұмыс жасала бастады (Фоторепортаж)

«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында «Робототехника жасаудың негіздері» үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірмені кафедраның аға оқытушылары В.Н.Казагачев пен Д.Д.Елубаева жүргізеді.

Бірінші сабақ «Роботрек» балалар үйірмесінде өтті.

Студент Аман Масаралимов екі жас инженермен бірге қозғалтқыштың ұсақ аспаптарын жинауда.

1-курс студенті Бексултан Панабеков роботтың негізгі қаңқасын құрастыру үстінде.

Робот жасау кезінде…

Студенттер Дәурен Джумеев пен Әлішер Айтымов жарыс машинасын құрастыруда.