Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе металл конструкциялар зауыты жұмысымен танысты

Ақтөбе металл конструкциялар зауыты жұмысымен танысты

Жұбанов университетінің өкілдері Ақтөбе металл конструкциялар зауытына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында зауытта экскурсия өткізіліп, университет қызметкерлері металл сүзгілер, сэндвич панельдер, шахталық металл бекіткіштер секілді конструкциялармен танысты.

Кездесу кезінде бірлескен зерттеулер жүргізу, металлургия, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, машина жасау және тау-кен өнеркәсібіндегі жабдықтар саласындағы өзекті тақырыптар бойынша бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ алдағы уақытта ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру, білім алушылардың тәжірибеден өтуі, зауыттың кәсіби мамандарымен қонақ дәрістерін өткізу мәселелері де айтылды.