Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттер қатарына қабылданды

Студенттер қатарына қабылданды

Биылғы оқу жылында 3200-ден астам мектеп түлектері Батыс өңіріндегі іргелі білім ордасы Жұбанов университетіне таңдауын жасады.

Бүгін университетімізде өткен мерекелік шара сол жастардың құрметіне арналды. Жылдағы дәстүр бойынша Жұбанов университеті 1 курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасын өткізді.

Оқу орнымыздың өнерлі жастары 1-курс білім алушыларына студенттік кезеңнің қызығы мен шыжығын той-думан стилінде жеткізіп, білімге, ғылымға ұмтылып, сондай-ақ қоғамдық өмірге де әркез белсене атсалысуды үлгі етті.

Мерекелік кеште әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев студенттерді ең қызықты сәттерге толы ұмытылмас шаққа қадам басқан сәтімен құттықтады.

Еркін форматта, ойын түрінде өткен бұл күн «Жұбанов студенті» атанып отырған білімгерлердің есінде өзінің ерекше әсерімен мәңгі сақталатыны анық.