Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Techno women» клубы өз жұмысын бастады

«Techno women» клубы өз жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша әйелдер мен қыздардың цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында университетіміздің физика-математика факультеті жанынан «Techno women» клубы өз жұмысын бастады.

Клубтың мақсаты – әйелдер мен қыздардың цифрлық сауаттылығын арттыру.

Клуб жұмысы кәсіби педагогикалық ортада цифрлық технологияны қолдану, оқытудың нәтижелерін бағалаудың цифрлық құралдарын білу, білім алушылардың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін цифрлық құралдарды қолдану сынды бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Аталған клубтан:

  • университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының цифрлық сауаттылығы артады;
  • қағазбастылықтан цифрлық жүйеге дағдыланады;
  • жаңа цифрлық дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгерген, сұранысқа ие маманға айналады;
  • цифрлық қауіпсіздік артып, кибершабуылдар азаяды деген нәтижелер күтілуде.

Клуб төрағасы болып техника ғылымдарының магистрі, физика-математика факультеті, «Информатика және Ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Умирзакова Бану Габиденовна тағайындалды.

Сабақ әр дүйсенбі сайын сағат 16:00-18:00 аралығында  оффлайн форматында өтеді.