Құрметті әріптестер!
«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ және Д.Қонаев атындағы Халықаралық қоғамдық Қор меморандумы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе» облысы бойынша Кәсіби даму институты және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп, Ақтөбе қаласында 2023 жылдың 5 қаңтар күні Ақтөбе қаласы, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ базасында өтетін «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» тақырыбындағы І Аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция мақсаты – білім беру ұйымдарында Д.А.Қонаевтың ұлы тарихи тұлға ретінде есімін ұлықтау, жобалық-зерттеу жұмысын енгізу мен жүзеге асыруда ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.
Конференцияға қатысу жөнінде өтінім мен мақалалар 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін konferencia60@mail.ru электронды поштасына қабылданады.