Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > «Болашақ» бағдарламасы біршама жеңілдіктер ұсынады

«Болашақ» бағдарламасы біршама жеңілдіктер ұсынады

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифигінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Биыл «Болашақ» бағдарламасы негізінде IT және инженерлік мамандықтарға бөлінетін гранттар саны өткен жылмен салыстырғанда 36 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтылды.

Енді техникалық мамандықты таңдаған үміткерлер құжат тапсырғанда ЖОО-дан шақыруды ұсынуға міндетті болмайды. Сондай-ақ халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен «Болашақ» стипендиясы аясында медициналық қызметкерлерге бір жылдық тілдік дайындықтан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін шетелдік университетке түсу мүмкіндігі берілетін болады, – дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Қанатұлы.

Оның сөзінше бұрын жеңілдік тек ауылдық елдімекендерден үміткерлер үшін қарастырылған болса, алдағы уақытта оларға ағылшын тілінен IELTS емтиханының балы 6.0 балдан 5.0 балға дейін төмендетіледі, Оған қоса, бір жылдық тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі берілетінін болады.

Сондай-ақ алдағы уақытта «Болашақ» стипендиясын қоса қаржыландыру механизмін іске қосу жоспарланып отырғандығын айтады.

Үміткерде жоғары оқу орнынан, жұмыс берушіден немесе демеушіден үздік шетелдік университетте оқуға грант болса, бағдарлама екі жаққа ұшып қайтуды, визалық алымдарды, медициналық сақтандыруды, ай сайынғы стипендияны және оқу материалдарын сатып алуға жәрдемақыны өтейтін болады. Сонымен қатар, еңбекпен өтеу мерзімі 1 жылға дейін азайтылады, – деді ол.

Сонымен бірге, олар қазіргі таңда Fortune-500 әлемдік деңгейдегі үздік компанияларда тағылымдамадан өту үшін еңбекпен өтеу мерзімін шегеруге қатысты өзгертулерді де қарастырып отыр

 

/baq.kz/