Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > ҰБТ – 2023: Оқушыларға кәсіби бағдар берілді

ҰБТ – 2023: Оқушыларға кәсіби бағдар берілді

Бүгін Жұбанов университетіне қаламыздағы мектептерден 700-ге жуық оқушылар  жиналды.  11-сынып оқушылары  университет студенттерінің оқудағы және ғылымдағы жетістіктерінен, қолөнерлерінен құралған көрмені тамашалап, мамандықтар туралы ақпараттар алды.

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Әсіресе Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай өзгерістер, жаңашылдықтар бар екенін білу оқушыларға көп көмегін тигізетіні анық.

Жиында оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры  Руслан Емелбаевпен  кездесті. Айта кетейік, кездесуге аудан мектептерінің оқушылары онлайн форматта қатысты.

Руслан Емелбаев арнайылап еліміздің өңірлерін аралап, 2023 жылғы ҰБТ жаңашылдықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүргенін атап өтті. Осындай маңызды іс-шараны өткізуге мүмкіндік жасаған университет басшылығына ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау, шекті балл деңгейі, ҰБТ-ға алдағы уақытта енгізілетін өзгерістер, қойылатын талаптар, елімізде сұранысқа ие мамандықтар туралы т.б. көптеген мәселелер талқыланды. Маңызды шарада оқушылар ҰБТ туралы көкейде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алды.