Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Мерекедегі марапат

Мерекедегі марапат

Бүгін Халықаралық студенттер күніне орай Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қаламыздағы орта кәсіби білім беру және жоғары оқу орындарының белсенді студенттерімен кездесті.

Облыс басшысы өңірдің жастар саясатын дамытуға зор үлес қосып жүрген бірқатар жастарды алғысхатпен марапаттап, ерекше ықыласын білдірді.

Олардың қатарында Жұбанов университетінің  бес студенті бар. Атап айтар болсақ,  «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 3-курс студенті Айдос Адилов, «Физика» мамандығының 4-курс студенті Әділет Тукембайұлы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Ермахан Байдырахман, «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті Арсен Жақсылық, «Мұнайгаз ісі» мамандығының 3-курс студенті Сатбек Орақов.

Кездесу барысында облыс басшысы жастармен емен-жарқын әңгімелесіп, білім аламын деген жастарға қазіргі таңда мүмкіндіктердің көп екенін атап өтті.  Нарықтың талабына сай маман болып шығу үшін жастарды ерінбей ізденуге, оқуға, еңбектенуге шақырды. Жұбанов университетінде Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Хериот-Уатт университетінің филиалы ашылуы да өңірдегі жастарға берілген зор мүмкіндік екенін атады.

Еркін форматта өткен жиында жастар облыс басшысына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.