Среда, Февраль 8, 2023
Басты > Жаңалықтар > Меморандум аясында IT және бизнес бағытындағы студенттік стартаптар қолдау табады

Меморандум аясында IT және бизнес бағытындағы студенттік стартаптар қолдау табады

Бүгін Жұбанов университеті «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі және Ақтөбе облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасымен меморандумға қол қойды.

Кездесуге «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі Басқарма төрағасы Санат Аханов, «Атамекен» палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айнұр Баймұратова, университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров және құрылым басшылары қатысты.

Меморандум шеңберінде тараптар Ақтөбе облысында IT Startup қозғалысын дамыту мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуді көздеп отыр.
Өзара тиімді ынтымақтастық нәтижесінде тараптардың жобаларын іске асыруға спикерлер мен менторларды тартуға жәрдемдесу, тәжірибе алмасу, өзара оқыту, семинарлар, тренингтер, өңірлік конференцияларға қатысу, оның ішінде бизнес-секторды тарту жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, кездесуде тиімді ынтымақтастық бойынша сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.