Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кітапхана қорына құнды кітаптар табысталды

Кітапхана қорына құнды кітаптар табысталды

Университетіміздің ғылыми кітапханасының қоры құнды кітаптармен толықты. Атап өтер болсақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұбановтың «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі», «Қолданбалы тіл білімінің мәселелері» тақырыбындағы оқулықтары және ғалым туралы жазылған «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді», «Биобиблиография» кітаптары енді кітапханамызда қолжетімді.

Қазақ руханияты мен мәдениетіне, әдебиеттану ғылымы мен қазақ тіл білімі саласына өлшеусіз үлес қосқан ғалым Асқар Құдайбергенұлы өз зерттеулерінде ана тіліміздің сөз байлығын статистикалық тұрғыдан сараптап, сөздік қордың базалық басты тірегі- сөз бен сөздік екеніне айрықша көңіл аударады. Ғалым зерттеулеріндегі ғылыми-статистикалық, қолданбалы-прагматикалық, теория-практикалық шешімдер лексикография ілімінің дамуына жол ашты.

Оқулықтар ана тілін терең білуге, қазақ тілін үйренуге талпынған барша оқырманға арналады. Ғалымның зерттеулер жинағында статолингвистика, математикалық және компьютерлік лингвистика салаларының әдіс-тәсілдері мен қыр-сырлары жан-жақты сараланып, түсінікті тілде баяндалады.

«Биобиблиография» кітабынан Асқар Жұбановтың өмірі мен шығармашылық еңбегін сипаттайтын мәліметтерді оқи аласыздар. Ал «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» кітабында профессор туралы әріптестерінің, шәкірттерінің және отбасы мүшелерінің естеліктері жинақталған.