Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > Орташа балды есептеу

Орташа балды есептеу

Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average — GPA) – таңдап алған бағдарлама бойынша белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттердің жалпы сомасының қатынасы).

Курстан курсқа көшіру үшін өту балын – білім алушыны келесі курсқа көшіруге рұқсат беретін өту балын курстар бөлінісінде жоғары оқу орындары дербес белгілейді.

Білім алушы курстан курсқа көшу қажетті балын жинаған жағдайда жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

Курстан курсқа көшіру үшін қажетті балл жинамаған білім алушы сол курсында қалады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2023-2024 оқу жылына студенттерді, магистранттарды және докторанттарды курстан курсқа көшірудің өтпелі балы (GPA):

  1. Бакалавриаттың барлық білім бағдарламалары үшін:

— 1 курстан 2 курсқа – 2,01;

— 2 курстан 3 курсқа – 2,22;

— 3 курстан 4 курсқа – 2,38;

— 4 курстан 5 курсқа – 2,55;

  1. Магистратура білім бағдарламалары үшін:

— 1 курстан 2 курсқа – 2,67;

  1. Докторантура білім бағдарламалары үшін:

— 1 курстан 2 курсқа – 3,33;

— 2 курстан 3 курсқа – 3,33.

Суретте көрсетілген формула бойынша курстан курсқа көшуге жылдық GPA балл есептеп шығаруға болады.

GPA ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕУГЕ БОЛАДЫ?

 Мысалы:

 

Пән Кредиттер саны Әріптік жүйе бойынша қойылатын баға Сандық эквивалент
Педагогика 5 В 3,00
Психология 5 А 4,00
Математика 4 F 0

 

  1. Барлық оқылған пәндердің кредиттер санын бағаның сандық эквивалентіне көбейтеміз:

Педагогика                                                 5х3.00=15.00

Психология                                                5х4.00=20.00

Математика                                               4х0=0

  1. Алынған мәндерді қосамыз: жалпы мәні=15+20+0=35.00
  2. Кредиттердің жалпы санын есептеп шығарамыз: 5+5+4 =14

 

GPA= жалпы мәні = 35.00 = 2.25
кредиттің жалпы саны 14