Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Техникалық жобаларды әзірлеушілер тәжірибесімен бөлісті

Техникалық жобаларды әзірлеушілер тәжірибесімен бөлісті

Университеттің ғылыми қызметкерлері Ақтөбе металл конструкциялары зауытында тәжірибелерін жетілдірді. Кездесуде техника ғылымдарының кандидаты, техникалық директор  Юрий Мягков пен ғылыми-техникалық кеңестің төрағасы Григорий Давыдов дәріс оқыды.

Дәріске техникалық, физика-математика және жаратылыстану факультеттерінің ғылыми қызметкерлері қатысты.

Сабақ барысында экологиялық мәселелер, сондай-ақ, еліміздің металлургия зауыттарында электр сүзгілерінің көмегімен шаңнан тазарту бойынша қолданыстағы жобалардың маңыздылығы туралы айтылды. Қатысушылар зауыт қызметкерлеріне өздерін қызықтырған мәселе бойынша сұрақтарын қойды.

Сонымен қатар, басқосуда алдағы уақытта бірлескен зерттеу жүргізу жолдары талқыланды.