Понедельник, Март 20, 2023
Басты > Білім > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2022 жылғы 23-25 қараша аралығында аралас форматта (on-line және of-line) өткізіледі.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

  • 6В01706-Шетел тілі: екі шетел тілі;
  • 6В02302-Аударма ісі;
  • 6В02303-Шетел филологиясы;
  • 7M01706-Шетел тілі: екі шетел тілі;
  • 6В01707-Ағылшын тілі және информатика;
  • 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 6В01705-Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті;
  • 6В01102-Психология және білім беру менеджменті;
  • 6В03102-Клиникалық психология;
  • 6В01401-Музыкалық білім.

Аталған рәсімді агенттік тарапынан тартылған отандық және шетелдік сарапшылар сараптау тобы жүзеге асырады. Комиссия төрағасы: Табишев Тимур Арсенович (Х.М. Бербеков атындағы Кабардино-Балқар мемлекеттік университеті, Нальчик қ., РФ). АРТА/IAAR координаторы: Назырова Гульфия Ривкатовна (АРТА сыртқы сараптау комиссияларын қалыптастыру бойынша жобаның басшысы, Нұр-Сұлтан қ.).

Сарапшылар: Мамедова Валида (Әзірбайжан мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Баку қ., Әзірбайжан Республикасы), Бойко Светлана Леонидовна (Гродно мемлекеттік медицина университеті, Гродно қ., Беларусь Республикасы), Бурбекова Сауле Жорабековна (Astana IT University), Мирзоева Лейла Юрьевна (Университет Сулеймана Демиреля), Адилова Алмагуль Советовна (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Мамырханова Жамиля Темиргалиевна (М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ), Калиакбарова Ляйля Тайтолеуовна (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Толеубаева Акнур Мухитовна (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Боброва Валентина Владимировна (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Сарапшы-жұмыс беруші: Бурумбаев Азамат Серикович (Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы), Джагипарова Гульмира Зейнуловна (KT Cloud lab. коммерциялық блок басшысы). Сарапшы-студент: Гавриленко Ирина (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Ахметова Асылжан (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Омарова Адель (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Сисенова Жаннур (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Жакенова Рабига (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Алмуханов Аблайхан (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті).

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.