Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық конференция: Арал-Каспий аймағы

Халықаралық конференция: Арал-Каспий аймағы

Бүгін Жұбанов университетінде Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Ресей тағы да басқа шет мелекеттерден және еліміздің әр түкпірінен келген ғалымдар, тарихшылар бас қосты.

«Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы» тақырыбында өткен ІІІ Халықаралық ғылыми конференцияның басты мақсаты – терең зерттеулер негізінде Арал-Каспий аймағының Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі ерекше маңызын жан-жақты ашып көрсету.

Конференцияның ашылуында облыс әкімі Ералы Тоғжанов сөз сөйлеп, аталмыш шараның маңыздылығын атап өтті.

Конференция барысында Арал-Каспий аймағының жалпы тарихи-мәдени маңыздылығы, аймақтың жылжымайтын ескерткіштерін терең зерттеу, далалық зерттеу экспедицияларының жаңа нәтижелері, ескерткіштерді қорғау, жер байлығын игеру және экология мәдениеті, туризмді дамыту тағы басқа мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Үлкен Доңызтау тарихи-мәдени аймағы және оның маңызы туралы айтылды.

Баяндамашылар тарих, археология, этнография, этноархеология, ескерткіштану, экология, туризм, өнер, фольклор тағы да басқа бірнеше бағытта бойынша баяндамалар жасады.

Іс –шараны өткізуге Жұбанов университетімен бірге Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты,Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мұрындық болып отыр.

Конференция жұмысы секциялық мәжілістерде екі күнге жалғасады.