Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенті Тоғызқұмалақтан Әлем чемпионы атанды

Университет студенті Тоғызқұмалақтан Әлем чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында 21 қарашада Тоғызқұмалақтан VI Әлем чемпионаты басталған болатын. Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 80-ге жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынасты.

Бүгін салтанатты түрде жарыстың жабылуы өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Олардың ішінде Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Гүлжанат Алдабергенова да бар. Ол әйелдер арасында «Блиц» номинациясы бойынша алтын медальді иеленіп, әлем чемпионы атанды.

Гүлжанатты жеңісімен құттықтаймыз!