Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Испанияның Ла-Нусия қаласында жастар арасында өткен бокстан Әлем чемпионатында Жұбанов университетінің студенті күміс медаль иеленді.

Дәулет Төлемісов университетіміздің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті.

Айта кетейік, 71-75 кг аралықтағы салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басымдық танытқан спортшымыз Ақтөбе облысы бойынша жастар арасындағы бокс тарихында Әлем чемпионаты бойынша алғашқы жүлдені иеленіп отыр.

Жас боксшымызды жеңісімен құттықтаймыз!