Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе облысында “Мамандығым-Болашағым” жобасы өз жұмысын бастады

Ақтөбе облысында “Мамандығым-Болашағым” жобасы өз жұмысын бастады

Бүгін Жұбанов университетінде «Мамандығым-Болашағым» жобасы аясында форсайт-мектептің ашылуы өтті.

Форсайт-мектептің ашылуына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн қатысып, алдағы 5 жылда өңірдің кадр қажеттілігіне форсайт-зерттеулер жүргізу, әр өңірде мамандықтар бойынша кәсіптер атласын әзірлеудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ведомство басшысы өңірлік кадрларды даярлау жүйесін жергілікті сұранысқа сай байланыстыру, университеттегі ғылымды дамыту, ғылымға жастарды тарту, жоғары білім беруді интернационалдандыру, цифрлық экожүйені қалыптастыру жөнінде де тоқталып өтті.

Шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, «Мамандығым-Болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаев, университет ректоры Лаура Қарабасова, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының форсайт мектебі бойынша жобалау тобының өкілдері, профессор-оқытушылар, қаламыздағы колледждер мен мектептердің басшылары қатысты.

Жиында университет басшысы өңірді кадрмен қаматамасыз ететін жетекші оқу орны болғандықтан жобаны іске асыру өте маңызды екеніне тоқталып, қатысушыларға қажетті жаңа дағдыларды игеруде сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жоба аясында Ақтөбе облысын кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандарты жасақталатын болады. Ақтөбе облысының озыңқы кадрлық қамтамасыз етудің өңірлік стандартын жасақтайтын жергілікті жобалық кеңсесі ретінде Жұбанов университеті белгіленді.

Университеттің форсайт-мектеп қатысушыларын Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен алты күн бойы оқытатын болады.