Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Математика» мамандығы бойынша PhD дәрежесі берілді

«Математика» мамандығы бойынша PhD дәрежесі берілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Жұбанов университетінің аға оқытушысы Әміре Жұмағазиевке «Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Айта кетейік, Әміре Жұмағазиев университетіміздің Диссертациялық кеңесінде қорғаған ең жас PhD ғалым.

Диссертация тақырыбы – «Многопериодические решения систем уравнений с различными операторами дифференцирования».

Ғалымның ғылыми кеңесшілері- физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жайшылық Сартабанов, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Галия Абдикаликова,
М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Яудат Султанаев.