Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әріптестік аясы кеңейеді

Әріптестік аясы кеңейеді

Бүгін Жұбанов университеті мен «Ақтөбе қаласының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мекемесі өкілдері ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров және «Ақтөбе қаласының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Бибігүл Қалел алдағы атқарылатын істердің бағыттарын нақтылады. Шараға жоғары оқу орындарының бірқатар өкілдері, студент жастардан құрылған волонтерлік топ жетекшілері қатысты.

«Бақытты Отбасы» жобасы өңір басшысы Ералы Тоғжановтың қолдауымен облыс орталығында өз жұмысын бастаған болатын. Орталық жұмысы Ақтөбе қаласындағы мұқтаж отбасыларға қолдау және көмек беруге бағытталған.

Меморандум аясында тараптар бірлескен әлеуметтік жобаларға қатысу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, өзара қызметтерді көрсету және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да түрлі іс-шараларға қатысуды жүзеге асырады. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру қызметін көрсету және кеңес беру, волонтерлік қолдау, көмек көрсету, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, кездесулер, тренингтер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар ұйымдастырылатын болады.