Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жастар арасында ашық алаң ұйымдастырылды

Жастар арасында ашық алаң ұйымдастырылды

Жұбанов университетінде халықаралық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Жастар арасындағы абьюз» ашық алаңы өтті.

Шараны университет жанынан құрылған «Денсаулық және салауаттылық» орталығы мамандары өткізді.

Ашық алаңның мақсаты — жастар арасында адамгершілік, ізеттілік секілді жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау, қысылтаяң сәтте не істеу керектіне нұсқау беру және психологиялық қолдау көрсету, өз эмоцияларын түсінуді, басқаруды үйрету.

Психологиялық тренингтің барысында тақырып аясында мазмұнды баяндама, воркшоп, тән терапиясы және терең терапиялық кіші топтардың жұмысы ұйымдастырылды. Трансформациялық рөлдік ойындар арқылы қатысушылар арасында жағдаяттық тапсырма беріліп, әр қатысушыға сезім иірімдерін өз бойынан өткеруге мүмкіндік берілді.

Ашық алаңға қаламыздағы жоғары оқу орындарының білім алушы жастары қатысты.