Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Форсайт-мектеп жұмысы тәмамдалды

Форсайт-мектеп жұмысы тәмамдалды

Жұбанов университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы 6 күн бойы «Мамандығым-болашағым» жобасы аясында өңірлік форсайт — мектепте оқыды.

Жаңа кәсіптер атласы-бұл әр сала сарапшыларының пікірінше, қазірдің өзінде сұранысқа ие және жақын арада пайда болатын кәсіптер жиынтығы. Технологиялық форсайт озық технологиялар мен кең инновациялардың дамуымен қандай еңбек дағдылары ең сұранысқа ие екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының озыңқы кадрлық қамтамасыз етудің өңірлік стандартын жасақтайтын жергілікті жобалық кеңсесі ретінде Жұбанов университеті белгіленді. Форсайтқа қатысушылар алдағы уақытта Ақтөбе облысының жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласын құру бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл жоба
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.